29 тамызда Шахтер күніне арналған мерекелік концертте 200 волонтер қызмет атқарады.
Егер арнайы киім – жилет немесе футболка киген жастарды көрсеңіз, ұйымдастыруға қатысты кез келген мәселе бойынша оларға жүгінуге болады.
Волонтерлер қажетті кіреберісті, автобустарды, санитарлық аймақты немесе медициналық пунктті табуға көмектеседі.
Балаңыз жоғалып кетсе, жеке заттарыңызды жоғалтып алсаңыз немесе біреудің жоғалтқан затын тауып алсаңыз да, еріктілер көмек көрсетіп, сізді штабқа бағыттайды.
Қозғалысы шектеулі азаматтарға да қажетті қолдау көрсетіледі. Волонтерлер оларды алып жүруді және қажетті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Шетелдік қонақтар да назардан тыс қалмайды. Волонтерлер қатарында ағылшын тілін меңгерген жастар бар.
Концертті ұйымдастыру тәртібі, автобустардың жүру бағыттары мен жолдардың жабылуына қатысты ақпаратты осы жерден білуге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1282134?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау