Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен «Кездесу» жанар-жағармай құю бекетінен бастап, 31А, 31Б, 32А және 32Б шағын аудандарына дейінгі автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі уақытта «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан бастап аталған шағын аудандарға дейінгі ұзындығы шамамен 600 метрге жуық жол учаскесіне жаңа қиыршықтас-мастикалы асфальтбетон (ЩМА-20) қоспасы төселуде.
— Аталған жұмыстарды екі тәулік ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты туындаған уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жұлдызбай Көңілімқосов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1282199?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау