ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкентте тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және халыққа тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

28 тамызда қаланың Арбатында ұйымдастырылған шара барысында тұрғындарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес берілді. Қабылдауға қаладағы мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары, прокуратура, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері, Заң консультанттары палатасының мүшелері, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары қатысты.

Жалпы 30-ға жуық маман тұрғындардың өтініштерін қарап, заңнама талаптарын түсіндірді.

Тұрғындар тарапынан жер қатынастарына қатысты мәселелерге, атап айтқанда, жер учаскелерін заңсыз иелену, алып қою және заңсыз құрылысқа байланысты сұрақтарға сұраныс жоғары болды. Сондай-ақ алимент өндіру, балалармен кездесу тәртібі, еңбек, тұрғын үй және азаматтық құқық салалары бойынша кеңестер берілді.

Кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу рәсімдері мен тендерлік құжаттаманы әзірлеуге қатысты мәселелер бойынша мамандардан түсініктеме алды.

Акция тұрғындарға кәсіби заң көмегін қолжетімді етіп, құқықтық мәселелер бойынша қажетті ақпаратты тікелей мамандардан алуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1282175?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version