Тауарларға арналған декларацияның (ТД) 31-бағанын толтырудың дұрыстығы мен толықтығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📢 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

🏛️ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларға арналған декларацияның (ТД) 31-бағанын дұрыс әрі толық толтыру қажеттігін хабарлайды.

📄 Тауарларға арналған декларацияның 31-бағаны «Жүк орындары және тауардың сипаттамасы – Таңбалау және саны – Контейнерлердің нөмірлері – Саны және айрықша ерекшеліктері» декларацияланатын тауарды сәйкестендіруге және декларацияда көрсетілген мәліметтерді нақты тасымалданатын тауармен салыстыруға мүмкіндік беретін толық ақпаратты көрсетуге арналған.

📌 Осы бағанды толтыру кезінде нені ескеру қажет?

Тауарды декларациялау кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушы оның сипаттамасының толықтығын, дұрыстығын және бірмәнділігін қамтамасыз етуі қажет.

📝 31-бағанда тауардың сипаты мен оны тасымалдау ерекшеліктеріне қарай оны сәйкестендіруге қажетті мәліметтер, оның ішінде:

🏷️ тауардың атауы;

🔢 модель, марка, артикул және басқа да айрықша сипаттамалары туралы мәліметтер;

⚙️ тауарды сәйкестендіру үшін маңызды болған жағдайда, оның құрамы, дайындалған материалы және негізгі техникалық сипаттамалары;

🏭 тиісті жағдайларда өндіруші және тауар белгісі туралы мәліметтер;

📦 тауардың саны және өлшем бірлігі;

📋 қаптамасы, жүк орындары және олардың таңбалануы туралы мәліметтер;

🚢 тауар контейнерлерде тасымалданған жағдайда, контейнерлердің нөмірлері;

📑 кеден заңнамасында көзделген және тауарды сәйкестендіру үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетіледі.

⚠️ Маңызды: тауардың сипаттамасы нақты әрі ақпараттық болуы тиіс.

❗ Тауардың түрі мен сипаттамаларын бірмәнді анықтауға мүмкіндік бермейтін тек жалпы сипаттамаларды пайдалану мәліметтерді қосымша нақтылау қажеттілігіне және қосымша бақылау іс-шараларының жүргізілуіне әкелуі мүмкін.

🔎 Мысалы, «жабдық», «қосалқы бөлшектер», «пластмассадан жасалған бұйымдар», «электроника» сияқты жалпы сипаттамалардың орнына тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нақты атауы мен сипаттамаларын көрсету қажет.

❓ Бұл не үшін маңызды?

ℹ️ 31-бағанда қамтылған ақпаратты кеден органдары кедендік бақылау жүргізу кезінде, оның ішінде:

🔍 тауарды сәйкестендіру;

📑 мәлімделген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексеру;

📦 декларациядағы мәліметтерді нақты тасымалданатын тауарлармен салыстыру;

⚖️ қолданылатын тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын айқындау;

🚫 белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуын тексеру;

🛡️ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;

🔎 кейінгі кедендік бақылау жүргізу үшін пайдаланады.

✅ Осылайша, тауар неғұрлым нақты әрі толық сипатталса, оны кедендік рәсімдеу кезінде қосымша сұрақтардың туындау ықтималдығы соғұрлым аз болады.

📌 Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ТД-ны ұсынғанға дейін 31-бағандағы мәліметтердің сыртқы экономикалық мәмілеге қатысты коммерциялық, көліктік және өзге де құжаттарға сәйкестігін тексеру ұсынылады.

🤝 Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тауарларға арналған декларацияларды толтыруға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

📈 Тауардың толық әрі дұрыс сипатталуы кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға, қосымша сұрау салулардың санын азайтуға және кедендік операцияларды жүргізу кезінде кідірістердің туындау тәуекелін төмендетуге ықпал етеді.

⚠️ Сонымен қатар, тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін хабарлаймыз!

Декларацияны жауапкершілікпен толтыру — тиімді кедендік бақылаудың және кедендік операцияларды уақтылы жүргізудің кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1282131?lang=ru

Exit mobile version