
📢 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
🏛️ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларға арналған декларацияның (ТД) 31-бағанын дұрыс әрі толық толтыру қажеттігін хабарлайды.
📄 Тауарларға арналған декларацияның 31-бағаны «Жүк орындары және тауардың сипаттамасы – Таңбалау және саны – Контейнерлердің нөмірлері – Саны және айрықша ерекшеліктері» декларацияланатын тауарды сәйкестендіруге және декларацияда көрсетілген мәліметтерді нақты тасымалданатын тауармен салыстыруға мүмкіндік беретін толық ақпаратты көрсетуге арналған.
📌 Осы бағанды толтыру кезінде нені ескеру қажет?
Тауарды декларациялау кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушы оның сипаттамасының толықтығын, дұрыстығын және бірмәнділігін қамтамасыз етуі қажет.
📝 31-бағанда тауардың сипаты мен оны тасымалдау ерекшеліктеріне қарай оны сәйкестендіруге қажетті мәліметтер, оның ішінде:
🏷️ тауардың атауы;
🔢 модель, марка, артикул және басқа да айрықша сипаттамалары туралы мәліметтер;
⚙️ тауарды сәйкестендіру үшін маңызды болған жағдайда, оның құрамы, дайындалған материалы және негізгі техникалық сипаттамалары;
🏭 тиісті жағдайларда өндіруші және тауар белгісі туралы мәліметтер;
📦 тауардың саны және өлшем бірлігі;
📋 қаптамасы, жүк орындары және олардың таңбалануы туралы мәліметтер;
🚢 тауар контейнерлерде тасымалданған жағдайда, контейнерлердің нөмірлері;
📑 кеден заңнамасында көзделген және тауарды сәйкестендіру үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетіледі.
⚠️ Маңызды: тауардың сипаттамасы нақты әрі ақпараттық болуы тиіс.
❗ Тауардың түрі мен сипаттамаларын бірмәнді анықтауға мүмкіндік бермейтін тек жалпы сипаттамаларды пайдалану мәліметтерді қосымша нақтылау қажеттілігіне және қосымша бақылау іс-шараларының жүргізілуіне әкелуі мүмкін.
🔎 Мысалы, «жабдық», «қосалқы бөлшектер», «пластмассадан жасалған бұйымдар», «электроника» сияқты жалпы сипаттамалардың орнына тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нақты атауы мен сипаттамаларын көрсету қажет.
❓ Бұл не үшін маңызды?
ℹ️ 31-бағанда қамтылған ақпаратты кеден органдары кедендік бақылау жүргізу кезінде, оның ішінде:
🔍 тауарды сәйкестендіру;
📑 мәлімделген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексеру;
📦 декларациядағы мәліметтерді нақты тасымалданатын тауарлармен салыстыру;
⚖️ қолданылатын тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын айқындау;
🚫 белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуын тексеру;
🛡️ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;
🔎 кейінгі кедендік бақылау жүргізу үшін пайдаланады.
✅ Осылайша, тауар неғұрлым нақты әрі толық сипатталса, оны кедендік рәсімдеу кезінде қосымша сұрақтардың туындау ықтималдығы соғұрлым аз болады.
📌 Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ТД-ны ұсынғанға дейін 31-бағандағы мәліметтердің сыртқы экономикалық мәмілеге қатысты коммерциялық, көліктік және өзге де құжаттарға сәйкестігін тексеру ұсынылады.
🤝 Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тауарларға арналған декларацияларды толтыруға жауапкершілікпен қарауға шақырады.
📈 Тауардың толық әрі дұрыс сипатталуы кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға, қосымша сұрау салулардың санын азайтуға және кедендік операцияларды жүргізу кезінде кідірістердің туындау тәуекелін төмендетуге ықпал етеді.
⚠️ Сонымен қатар, тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін хабарлаймыз!
Декларацияны жауапкершілікпен толтыру — тиімді кедендік бақылаудың және кедендік операцияларды уақтылы жүргізудің кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1282131?lang=ru

Жауап қалдыру