Ұлытау облысында «Жеке менеджер» қызметіне сұраныс артып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Ұлытау облысы бойынша филиалы ағымдағы жылдың басынан бері «Жеке менеджер» қызметіне сұраныстың тұрақты өсіп келе жатқанын хабарлайды.

2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өңірдің 1 000-нан астам тұрғыны «Жеке менеджер» қызметін пайдаланды. 2025 жылы аталған қызметке 200-ден астам тұрғын жүгінген. Осылайша, 2025 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4 еседен астам өсті. Ағымдағы жылдың басынан бері бұл қызметті өңір тұрғындары белсенді пайдалануда, бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жеке әрі қолайлы форматта алуға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Жеке менеджер қызмет алушыны құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде қолдау көрсетеді: қажетті құжаттар тізбесі бойынша кеңес береді, өтініштерді дұрыс толтыруға көмектеседі, жалпы кезекті күтпей қабылдауды ұйымдастырады және қызмет нәтижесін алғанға дейін үдерісті үйлестіреді. Мұндай формат уақытты үнемдеуге және клиенттік сервистің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қызмет өтініш берушінің қалауы бойынша ақылы негізде көрсетіледі. 2026 жылы қызмет құны 5 697 теңгені құрайды. Жүгіну кезінде қосымша қызмет көрсету туралы тиісті шарт жасалады.

Қызмет Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларындағы халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қолжетімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-satpaev/press/news/details/1281886?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version