Семей ядролық сынақ полигоны – ел тарихының қайғылы парақтарының бірі. Қазақ даласындағы ең ауыр қасірет – Семей полигонының жабылғанына да отыз бес жыл болды.
Полигон сынақтары елімізге ұшан-теңіз зардабын тигізді. Жарылыстардың зардабын шеккен халықтың ядролық сынақтарға қарсы наразылығы «Невада-Семей» қозғалысын құруға негіз болды, бұл үлкен қайсарлықтың, табандылықтың, батылдықтың белгісі. Еліміздегі ядролық сынақ алаңының жабылуы, жойқын қарудан бас тартылуы – үлкен жетістік. Қазақстан жаһандық антиядролық қозғалыстағы көшбасшылық орнын сақтап келеді.
Жаңатас қаласында «Даңқ» монументінде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталған шараға аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық қоғамдық кеңес, Семей полигонының ардагерлері мен мекемелер қатысты. Жиынға қатысушылар ядролық сынақтарға қатысып, мезгілсіз қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Семей полигоны – ұлттың ұмытылмас қасіреті. Қаншама жылдар өтсе де бұл оқиға қазақстандықтардың есінде мәңгіге сақталады. Елімізде тек бейбітшілік, тыныштық, тұрақтылық болсын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1282379?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау