ХРОМТАУДА СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Спорт күніне орай Хромтау ауданында салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиында Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов спорт саласының өкілдерін құттықтап, аудан спортының дамуына тоқталды. Аудан басшысы бұқаралық спортты дамыту, жастардың спортпен айналысуына жағдай жасау және спорттық инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстарда Хромтаудың намысын қорғап жүрген спортшылардың жетістіктеріне тоқталып, олардың жеңістерінің артында жаттықтырушылар мен сала мамандарының еңбегі жатқанын атап өтті.

Іс-шара барысында спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген спортшылар, жаттықтырушылар, ардагерлер мен сала мамандарына аудан әкімінің Алғыс хаттары және арнайы сыйлықтар табысталды.

Бүгінде ауданда бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа тарту және спорттық инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Спорт – жеңіс тұғырына апарар жол ғана емес, мықты ұрпақ пен салауатты қоғам қалыптастыратын ортақ құндылық. Хромтаудың спорттық дәстүрі жалғасып, аудан спортшыларының жаңа белестерді бағындыра беруіне мүмкіндік мол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1282440?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version