Мемлекеттік қызметке іріктеу кезеңдерінен өту кезінде кандидаттың жұмыс орны мен бөлмесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау қажет.
Осыған байланысты 360° шолу барысында орындалуы тиіс негізгі талаптармен танысыңыз.
Бөлмені толық 360° форматта көрсету;
Барлық қабырғалар, бұрыштар, төбе және үстелдің астыңғы бөлігін бейнежазбаға қамту;
Тестілеу кезінде пайдаланылатын жабдықтарды көрсету;
Телефонды/360° камераны жұмыс орны толық көрінетіндей етіп бекіту;
Тестілеу немесе конкурс кезеңі аяқталғанға дейін камераның орналасқан жерін өзгертпеу;
Бөлмеде қосымша бейнекамералар орнатпау.
Талаптарды алдын ала орындап, нұсқаулықпен мұқият танысыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1282441?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау