Мамырқұл Дулат Досанұлы 2017 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2018 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етті. Әр жылдары мемлекеттік органдарда сарапшы, бас сарапшы және бас консультант қызметтерін атқарды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде жұмыс істеді.
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінде басшылық қызметтер атқарды.
Тағайындалғанға дейін IT-кадрларды даярлау және білім беру басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары ретінде өңірдің цифрлық дамуы мен цифрландыру мәселелерін үйлестіруге жауапты болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1283245?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау