1 қыркүйек қарсаңында Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз көшеде жүруінің алдын алуға бағытталған профилактикалық және рейдтік шаралар күшейтілді.
Ювеналдық полиция инспекторлары Ақтөбе қаласының Есет батыр шағын ауданында рейд жүргізіп, сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрген кәмелетке толмаған бірнеше жасөспірімді анықтады. Олардың арасында студент жастар мен жоғары сынып оқушылары бар.
Анықталған фактілер бойынша жасөспірімдердің ата-аналары шақыртылып, оларға ескерту жасалды. Балалармен және олардың заңды өкілдерімен қауіпсіздік талаптарын сақтау және түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болуына жол бермеу жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар түнгі рейд барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында сағат 23:00-ден кейін доп ойнап, тұрғындардың тыныштығын бұзған кәмелетке толған жастар анықталды. Сондай-ақ ата-аналардың мектеп жасындағы балаларын түнгі уақытта ойын алаңдарына ойнауға және азық-түлік дүкендеріне жіберген, жастардың ойын алаңдарын ластаған жағдайлар тіркелді. Анықталған бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1283243?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау