Жаңа оқу жылы қарсаңында жол қауіпсіздігі күшейтіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Ақтөбе облысында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілді.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және Полиция департаментінің басшысы Қайыркен Әлиев қаланың жол қозғалысы қауіпсіздігін және цифрлық технологияларды қамтамасыз ету орталығының картасы арқылы қала аумағындағы жол қауіпсіздігіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында білім беру ұйымдарына іргелес аумақтардағы жол қозғалысын ұйымдастыру жағдайы, жаяу жүргіншілер өткелдерінің болуы, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйі, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіз жүріп-тұруына әсер ететін жол инфрақұрылымы қаралды.

Зерделеу нәтижесінде Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы тарапынан жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныс енгізілді. Атап айтқанда, қажетті учаскелерде жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін ұйымдастыру, жол белгілері мен жол таңбаларын жаңарту, мектептерге іргелес аумақтарда жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру ұсынылды.

Сонымен қатар анықталған кемшіліктерді оқу жылы басталғанға дейін жою және балалардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе балалардың мектепке бару және қайту кезінде қауіпсіздігін сақтау – басты міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар – полиция және жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1283244?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version