Адам капиталын дамыту, сапалы білім беру және кәсіби өсуге мүмкіндік жасау еліміздің барлық өңірлерінен білім беру саласының өкілдерін біріктірген республикалық тамыз конференциясының негізгі тақырыптарына айналды.
🇰🇿Іс-шараға Мемлекет басшысы қатысып, сөз сөйледі және отандық білім беру жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған негізгі міндеттерді айқындады.
Республикалық деңгейдегі маңызды жиында Ақтөбе облысының атынан білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева бастаған делегация қатысты. Делегация құрамында аудандық білім бөлімдерінің басшылары, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің директорлары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, сондай-ақ орта және мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өкілдері болды.
Конференция барысында адами капиталды дамыту, білім сапасын арттыру, заманауи білім беру тәсілдерін енгізу және бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыруға қажетті жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақтөбе облысының өкілдері үшін конференцияға қатысу білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылауға, озық тәжірибелер мен заманауи білім беру практикаларымен танысуға, сондай-ақ еліміздің өзге өңірлерінен келген әріптестерімен кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1282453?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау