Комсомол жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Райгүл Кусегенованың көп жылғы адал еңбегі, кәсіби біліктілігі мен ұстаздық мамандыққа деген жауапкершілігі республикалық деңгейде жоғары бағаланды.
Білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсіби шеберлігі және көп жылғы жемісті педагогикалық қызметі үшін Райгүл Кусегенова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Райгүл Урынбайқызы педагогикалық еңбек жолын 1991 жылы Талдысай орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Еңбек жолында кәсіби тұрғыдан өсіп, мектеп директорының әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге, білім сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуға белсене атсалысты.
Бүгінде Райгүл Урынбайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде еңбек етіп келеді. Ол өзінің мол тәжірибесі мен білімін оқушылардың білім жетістіктерін арттыруға, олардың ана тілі мен ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына бағыттап келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1282454?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау