Ақтөбеде облыстық тамыз педагогтер конференциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбеде дәстүрлі облыстық тамыз педагогтер конференциясы өтті. Биылғы кәсіби алаң «Жаңа Конституцияның стратегиялық бағдары — білім, құндылықтар, адами капитал» тақырыбына арналды. Конференцияға білім беру ұйымдарының 1200-ге жуық педагогі, басшылары, әдіскерлері мен сала мамандары қатысты.
Конференцияның негізгі мәселелері қатарында өңірдегі білім беру жүйесін дамыту, оқыту мен тәрбиенің сапасын арттыру, адами капиталды дамыту, заманауи білім беру технологиялары мен жасанды интеллектіні енгізу, ауыл мектептерін дамыту, оқушылардың кәсіби бағдарын жетілдіру, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында академиялық адалдық пен құндылық бағдарларын қалыптастыру мәселелері болды.
Жиынға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, әдіскерлер мен сала мамандары қатысты.
Пленарлық отырысты ашқан Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева мектеп оқушыларына ерте жастан тиімді кәсіби бағдар берудің маңыздылығын атап өтті.
«Облыста мектепке дейінгі тәрбиеден бастап колледжге дейінгі бірыңғай кәсіби бағдар беру экожүйесі қалыптастырылды. Білім беру ұйымдарының штаттарына кәсіби бағдар беруші мамандар енгізілді. 59 білім беру ұйымында бейіндік сыныптар ашылып, 21 колледж бен осы мектептер арасында ынтымақтастық орнатылды. Нәтижесінде 1 413 оқушы бағдарламалау, автокөлік жөндеу, тігін ісі, аспаздық, электр ісі және басқа да кәсіби бағыттар бойынша білім алып, тиісті сертификаттарға ие болды», — деді Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева.
Конференция бағдарламасында ауыл мектептерін дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қатысушылар ауылдық жерлердегі білім сапасын арттырудың тиімді модельдерін, тұрғылықты жеріне қарамастан балаларға тең мүмкіндік жасауды және педагогтердің кәсіби дамуының жаңа форматтарын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1282455?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version