«Ақтөбе–Қарабұтақ–Ұлғайсын» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 763–1025 шақырым аралығындағы учаскелерінде жүргізіліп жатқан реконструкция жұмыстарының барысы тексерілді.
Жұмыс барысын аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов пен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Ринат Уразгалиев бақылап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын қадағалады.
Аталған жолдың 262 шақырымдық бөлігі 7 учаскеге бөлініп, реконструкция жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Жұмыс сапары барысында 847–891 шақырым аралығындағы учаскелердегі құрылыс жұмыстарының барысы қаралды. Мамандар атқарылып жатқан жұмыстар, құрылыс техникасының жұмылдырылуы және жобаларды іске асыру кезеңдері жөнінде ақпарат берді.
Қазіргі таңда учаскелерде өсімдік қабатын алу, жер төсемін салу, жол жамылғысын төсеу, инженерлік коммуникацияларды қайта орналастыру, сондай-ақ көпір және өзге де жасанды құрылыстарды салу жұмыстары жүргізілуде.
Жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын белгіленген талаптарға сәйкес сапалы әрі уақытылы жүргізу, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.514:51
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1282448?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау