ҚҰРМЕТТІ ШАХТЕРЛЕР, ТАУ-КЕН САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Шахтерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Хромтау – ел өнеркәсібінің өркендеуіне елеулі үлес қосып келе жатқан кенді өлке. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Хромтау қаласының қалыптасу тарихында тау-кен саласының орны ерекше. Бүгінде мыңдаған хромтаулық осы салада табанды еңбек етіп, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуда.

Шахтер еңбегі – қайсарлық пен төзімділікті, үлкен жауапкершілікті талап ететін мәртебелі мамандық. Жер қойнауының байлығын ел игілігіне айналдырып жүрген әрбір азаматтың еңбегі зор құрметке лайық.

Осы күні саналы ғұмырын тау-кен саласына арнап, кейінгі буынға өнегелі еңбек жолын қалдырған ардагерлерімізге айрықша алғысымды білдіремін. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен бай тәжірибелеріңіз – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен мектеп.

Барша шахтерлерге және сала қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрдайым абырой биігінен көрініп, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Шахтерлер күні құтты болсын!

Құрметпен,
Хромтау ауданының әкімі
Нұрхан Тлеумұратов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1282446?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version