Қызылорда облысының Полиция департаментінде зейнетке шыққан бірқатар қызметкерлерге зейнеткерлік куәліктер табысталды.
Куәліктерді Әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Самат Бижанов табыстап, ардагерлерге ізгі тілегін білдірді.
Ішкі істер органдарының ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.
Қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен қызметкерлерге құрмет көрсету – кейінгі буынға өнеге.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1282465?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау