августовская конференция работников сферы образования

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 тамызда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы білім беру саласы қызметкерлерінің «Адами капитал, білім, прогресс – Халық Конституциясының негізгі құндылықтары» атты облыстық тамыз конференциясы өтті.
Іс-шараға Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.К. Канафина, бөлім әдіскерлері, ауданның білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтері қатысты.
Пленарлық отырыс барысында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылып, білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары айқындалды және жаңа 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі міндеттер белгіленді. Білім сапасын арттыру, заманауи білім беру технологияларын енгізу және педагогикалық әлеуетті одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Конференцияның маңызды оқиғаларының бірі – «Үздік орта білім беру ұйымы – 2026» облыстық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов I орынға ие болған Алтай қаласының «№9 орта мектебі» КММ-не сертификат табыстады. Мектепке 18 миллион теңге көлемінде грант берілді.
Мектептің жоғары нәтижесі Алтай ауданының білім беру жүйесі үшін елеулі жетістік болып табылады және педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігін, білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруын әрі үздіксіз дамуға ұмтылысын көрсетеді.
Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі және педагогтік еңбегін адал атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен “Алтай қаласының №7 орта мектебі” КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі Б.А. Дәрибаев Б.А. марапатталды.
Конференция соңында өңірдің педагогтер қауымдастығы алдына білім сапасын арттыруға және жаңа 2026–2027 оқу жылының басым бағыттарын табысты іске асыруға бағытталған негізгі міндеттер қойылды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-altay/press/news/details/1282464?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version