«Бизнеске 100 игі іс»: Ақмола облысында әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокуратура органдарының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және бизнес өкілдерінің қатысуымен «Бизнеске 100 игі іс» акциясы өткізілді.

Акция кәсіпкерлерді қоғамдық маңызы бар игі істерге тартуға, әлеуметтік бастамаларды іске асыруға, халықтың әлеуметтік осал санаттарына көмек көрсетуге, әлеуметтік нысандарды қолдауға, елді мекендерді абаттандыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар, Кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Акция аясында аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен бірқатар әлеуметтік маңызы бар игі бастамалар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, «Aina Resources» ЖШС ауданның спорттық инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып, «Жастар» сауықтыру орталығының аумағына дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған спорттық жаттығу құрылғылары мен жабдықтарын орнатты.

Өз кезегінде, «Беркут» АШК ЖШС балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және дене шынықтыруына қолайлы жағдай жасау мақсатында елді мекен аумағында заманауи балалар ойын алаңының құрылысын жүзеге асырды.

Сонымен қатар, акция шеңберінде кәсіпкерлердің қатысуымен халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, әлеуметтік нысандарға көмек көрсету, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Аталған акция аудан кәсіпкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін кеңейтуге, мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ қоғамда өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

«Бизнеске 100 игі іс» акциясы аясындағы әлеуметтік маңызы бар игі бастамаларды іске асыру алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1282693?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version