Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) азаматтарға апостиль қою тәртібі бойынша түсіндіру дәрісін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың апостиль қою рәсімі туралы құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметті алу тәртібі жөніндегі ақпараттан хабардарлығын қамтамасыз ету.
Дәріс барысында азаматтарға апостиль қоюдың тәртібі мен талаптары, қажетті құжаттар тізімі, мемлекеттік қызметті алу жолдары, сондай-ақ өтініш беру және дайын құжатты алу тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері апостиль қою кезінде жиі кездесетін мәселелерге тоқталып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1283248?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау