Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске Департамент басшысының орынбасары К.Базарбаев төрағалық етті.
Кеңес барысында азаматтарға көрсетілетін заң көмегінің сапасы мен қолжетімділігі, сондай-ақ осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері талқыланды.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, заң көмегін көрсетудің тиімділігі мен оның халық үшін қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындады. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1283249?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау