Жаңа оқу жылы — жаңа білім, жаңа достар мен жаңа мақсаттардың бастауы. Ал баланың мектепке барып, үйіне аман-есен оралуы — ең бастысы.
Жетісу облысы ПД ювеналды полиция инспекторлары оқушыларға жол қауіпсіздігін сақтауды, интернетте абай болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді, бөтеннің затын иемденбеуді және қауіпті челлендждерге ермеуді ескертеді.
Буллингке де бейжай қарамау маңызды. Өзіңіз қысымға ұшырасаңыз немесе біреудің жәбірленіп жатқанын көрсеңіз, үнсіз қалмай, ересектерден немесе полиция қызметкерлерінен көмек сұраңыз.
Балалардың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік.
Мектепке — білім алуға.
Үйге — аман-есен оралуға!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1283075?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау