Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Саңырық батыр көшесі, №55/6 тұрғын үйдің жағдайымен танысып, тұрғын Ж.Елемесовамен кездесті.
Аталған көпқабатты үй әлеуметтік осал санаттағы кезекте тұрған азаматтарға сатып алынып берілген. Бұған дейін Ж.Елемесова тарапынан үйдің техникалық жағдайы мен оны күтіп-ұстауға қатысты бірқатар шағым түскен болатын.
Шаһар басшысы нысанды аралау барысында әрбір мәселеге жан-жақты назар аударды.
Кездесу кезінде Ж.Елемесова желдету және жылу жүйелерінің тиісті деңгейде жұмыс істемейтінін жеткізді.
Оның айтуынша, үйде бұған дейін жүргізілген жөндеу жұмыстары барысында бірқатар кемшілік кеткен. Алайда анықталған олқылықтар мердігер тарапынан дер кезінде толық жойылмаған.
Қала әкімі өз кезегінде жауапты мекеме өкілдері мен мердігер ұйымның жұмысын сынға алып, орын алған кемшіліктерді қысқа уақыттың ішінде жоюды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1283076?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау