ЗАҢ МЕН ТӘРТІП 2026-2027 оқу жылында 1-11-сынып оқушыларының мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес.
Мектеп формасы – оқушыны тәртіпке шақыра отырып, әлеуметтік теңсіздік пен бәсекелестікті болдырмайтын, балалар мен жасөспірімдер арасындағы еліктегіштік пен фанатизмнің алдын алатын, ата-аналар үшін қолжетімді классикалық киім үлгісі!
– Ер балалар формасына: қою көк түсті шалбар, ақ жейде, жилет пен галстук;
– Қыздар үшін: қою көк белдемше тізеден 5 см төмен болуы керек, жилет, ақ түсті блузка, ақ түсті бантик.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1282640?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау