Жәрмеңкеге Алтай ауданынан 9 омарташы қатысып, 5 тоннадан астам табиғи бал және ара шаруашылығының түрлі өнімдерін ұсынды.
Қала тұрғындары мен қонақтарының ерекше қызығушылығына дәстүр бойынша Алтай тауларының гүлге көмкерілген кең алқаптарында жиналған бал ие болды. Табиғи, хош иісті әрі экологиялық таза өнім жәрмеңкенің көркін келтірді.
Сатып алушылар үшін өнімдер қолжетімді, төмендетілген бағамен ұсынылды. Бұл әрбір қалаған адамға сапалы алтайлық бал мен ара шаруашылығының басқа да өнімдерін сатып алуға мүмкіндік берді.
Жәрмеңке жылы әрі мерекелік атмосферада өтіп, қала тұрғындарына пайдалы сауда жасауға ғана емес, сонымен қатар Алтай ауданы омарташылары өнімдерінің байлығы мен алуан түрлілігімен танысуға мүмкіндік сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1282633?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау