Микробиологиялық зертханаларда дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу кезінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс жүргізу кезінде оны бастағанға дейін микробиологиялық зертханалардың үй-жайын ылғалды тәсілмен, «таза» аймақта жуу құралдарын қолдана отырып, «жұқпалы» аймақта жуу құралдары мен микробиологиялық зертхананың операциялық рәсімінің стандарттарына сәйкес дезинфектанттарды қолдана отырып жинайды, бактерицидті сәулелегіштермен сәулелейді.

 

Жұмыс аяқталғаннан кейін үстелдерді, аспаптарды, жабдықты, еденді, биологиялық қауіпсіздік боксын дезинфекциялық құралды қолдана отырып сүртеді. Жинау мүкәммалының «таза» және «жұқпалы» аймақтар үшін жеке таңбасы болады.

 

Жұмыс күнінің басында және соңында жұмыс бөлмелерінде үстелдерді, аспаптарды, жабдықты 70°С этил спиртімен және Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдармен өңдеу жүргізіледі.

 

Зерттелетін материалды түтікшелерге, шыныаяқтарға, сауыттарда себу кезінде материалдың атауы, талдау нөмірі, себу күні және тіркеу нөмірі бар жазбалар көрсетіледі.

 

Детекцияны электрофорез әдісімен жүргізген кезде аптасына бір рет ампликондар үшін ингибирлеуші әсері бар реагенттерді пайдалана отырып, деконтаминациялау бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1282675?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version