Түркістан қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстар басталды.
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, пешпен жылыту жүйелерінің қауіпсіздігін тексеріп, өрттің және улы газдан улану жағдайларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жылыту маусымы кезінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыру.
Жылыту маусымы басталған кезеңде тұрғын үйлерде өрт шығу, сондай-ақ улы газдан улану қаупі арта түседі. Осыған байланысты құтқарушылар қала аумағындағы тұрғын үйлерді аралап, пештер мен мұржалардың қауіпсіз пайдаланылуына ерекше назар аударуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/instructions/press/news/details/1283177?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау