2026 жылғы 11 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбында офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.\
Өткізілетін мекенжайы: Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы көшесі, Желтоқсан көшесі, 59 “Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының “№3 Байзақ колледжі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимараты.
Іс-шараның мақсаты – салымшылар мен алушыларды зейнетақы жинақтарын өз бетінше басқару және invest.enpf.kz порталын пайдалану мүмкіндіктерімен таныстыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының толық көлемін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігі мен осындай компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын invest.enpf.kz инвестициялық порталы таныстырылып, түсіндіріледі. Сонымен қатар, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушыларды қызықтыратын және өзекті басқа да сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға қатысушыларға жеке ақыл-кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» офлайн форматта 2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 11-00 өтеді.
«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1283176?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау