Қазақ тілінде қылмыстық істерді жүргізу үлесін арттыру мәселелері талқыланды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мемлекеттік тілде жүргізілетін қылмыстық істердің санын арттыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Павлодар облыстық сотының тілдерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге сот, полиция және өзге де құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Жиынға Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті басшысының орынбасары Қасымов Ғалиасқар Нұрбапаұлы қатысты.

Іс-шара барысында қылмыстық істерді мемлекеттік тілде жүргізу тәжірибесі, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қазақ тілін қолдану үлесін арттыру және мемлекеттік тілді құқық қорғау саласында кеңінен қолдану мәселелері талқыланды.

Қатысушылар мемлекеттік тілде іс жүргізуді жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу және қылмыстық процестің барлық кезеңдерінде қазақ тілін қолдану аясын кеңейту бойынша пікірлерін білдірді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік тілде қылмыстық істерді жүргізу үлесін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1283237?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version