Залал өтелуге тиіс: прокуратура бақылауды күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қылмыс салдарынан келтірілген залалды өтеу формалды шара емес, құқық қорғау органдары жұмысының нақты нәтижесі болуы тиіс.

Бұл мәселе Қостанай облысының прокуратурасында облыс прокуроры Марат Сексембаевтың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.

2026 жылдың басынан бері аяқталған қылмыстық істер бойынша 1,68 млрд теңге көлемінде залал анықталған. Оның 883,5 млн теңгесі немесе 52,5%-ы өтелді. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 42,5% болған.

Залалды өтеудің ең жоғары деңгейі меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша тіркелді – жәбірленушілерге келтірілген залалдың 64,8%-ы өтелді.

Айрықша назар қамтамасыз ету шараларын уақтылы қабылдауға аударылды. Жыл басынан бері соттар күдіктілер мен айыпталушылардың жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асатын мүлкіне тыйым салу туралы 544 өтінішхатты қанағаттандырған.

Облыс прокуроры атап өткендей, мүлікке тыйым салу өз алдына мақсат болмауы тиіс. Негізгі нәтиже – мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және жәбірленушілер мен мемлекетке келтірілген залалды өтеу бөлігінде сот шешімдерінің нақты орындалуына кепілдік беру.

Жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мәселелері тұрақты бақылауда. Биыл тиісті Қордан жалпы сомасы 1,16 млн теңгені құрайтын 6 өтемақы төлемі жүзеге асырылды. Алдағы уақытта аталған қаражат кінәлі тұлғалардан регресс тәртібімен өндіріп алынады.

Залалды толық әрі нақты өтеуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда. Әрбір жағдай бойынша қажетті шаралар қабылданып, олардың нақты орындалуы прокуратураның бақылауында болады.

Қостанай облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1283238?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version