ЖАҒАЛАУ ТАЗАРЫП, АЙМАҚ АЖАРЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЖАҒАЛАУ ТАЗАРЫП, АЙМАҚ АЖАРЛАНДЫ
 
Жетісай ауданында табиғи аумақтардың көркін келтіріп, елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар аясында «Таза жағалау» айдарымен ауқымды сенбілік өтті.
 
Мемлекет басшысының бастамасымен жалпыхалықтық деңгейде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» іс-шарасында аудан аумағындағы Шардара су қоймасының жағалау белдеулері назарға алынып, жиналған тұрмыстық қалдықтардан аршылды. Сонымен бірге, каналдар мен арық-атыздардың маңы ретке келтіріліп, мектеп аулалары мен автокөлік жолдарының жиектері қоқыстан тазартылды.
 
Іс-шараның ауқымы тек белгілі бір нысандармен шектелмей, ауданның бірнеше аумағын қамтыды. Қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде күнделікті жүріп-тұратын және демалатын орындардың санитарлық жағдайы жақсара түсті.
 
Тазалық жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар мен жергілікті тұрғындар атсалысты. Әр қатысушы бекітілген аумақта жұмыс істеп, айналаны ретке келтіруге үлес қосты.
 
«Таза жағалау» шарасы табиғи нысандарды ұқыпты пайдаланудың маңызын, әсіресе, су айдындарының маңын таза ұстаудың қоршаған ортаға ғана емес, тұрғындардың жайлы демалысына да тікелей әсер ететінін ұғындырды.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1283032?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version