⚜️ Ақтөбеде жаңа №81 мектеп ашылды
Білім күні «Алтын Орда» шағынауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа №81 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🏫 900 оқушыға арналған заманауи білім ордасы барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұнда оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасалған.
Мектепте заманауи оқу кабинеттері мен зертханалар, спорт және акт залдары, шеберханалар және басқа да мамандандырылған кабинеттер бар.
Айта кетейік, биыл өңірде тағы бес жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, екі мектепке қосымша ғимарат салынып, сегіз мектепте реновация бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-saulet/press/news/details/1283821?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау