Семейде жылыту маусымына дайындық аясында 41,9 км жылу желілері жөнделді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті Семей қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерінің жағдайына мониторинг жүргізуде.

2026 жылға 53,7 км жылу желілерін жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 41,9 км желі жөнделді, бұл жоспарланған көлемнің 78%-ын құрайды.

Аумақтық департамент қызметкерлері жөндеу жұмыстарының қарқыны мен сапасын, сондай-ақ белгіленген мерзімдердің сақталуын бақылауда.

Жылу желілерін жылыту маусымына дайындау жұмыстарының мониторингі жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1283820?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version