Абай облысының прокуратурасы 3,4 мың кәсіпкер мен 16 инвестордың құқығын қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының прокуратурасы «Семей Водоканал» МКК-ның сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету барысында 3 400 кәсіпкер мен 16 инвестордың құқығына әсер еткен заң бұзушылықтарды анықтады.

«Семей Водоканал» МКК-ның үлгілік шарттарында заңнамада көзделген су есептеуіш құралдарын 10 күн ішінде пломбалау жөніндегі міндетті талап ескерілмеген.

Соның салдарынан қызмет көрсету мерзімі негізсіз созылып, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығы бұзылуы мүмкін еді.

Прокуратураның араласуынан кейін 1641 кәсіпкермен және 16 инвестормен жасалған шарттар заң талаптарына сәйкестендірілді.

Қазіргі уақытта тағы 1 759 кәсіпкердің құқығы қорғалып, құжаттар реттеліп жатыр.

Абай облысының прокуратурасы құқығы бұзылған кәсіпкерлер мен инвесторларды +7 707 144 00 16 нөмірі немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1283918?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version