ШҚО-да Білім күнінде Самар және Қайнарлы ауылдарында мектептер ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 қыркүйек – Білім күнінде Самар ауданының Самар ауылында 40 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жаңа бастауыш мектеп ашылды. Ауылда 150 орынға арналған «Ыбырай Алтынсарин атындағы бастауыш мектеп» КММ-нің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Самар ауылында 40 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жаңа мектеп ғимараты бой көтерді. Білім беру нысаны облыстық бюджет қаражаты есебінен салынған. Жалпы аумағы шамамен 3,8 мың шаршы метрді құрайтын заманауи екі қабатты ғимарат балалардың жайлы білім алуына арналған.

Мектеп заманауи оқу кабинеттерімен, спорт залымен, кітапханамен және асханамен жабдықталған. Сонымен қатар логопед кабинеті, балаларға арналған шағын орталық және шағын футбол алаңы қарастырылған.

Жаңа оқу жылында Самар ауданында 172 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Оның ішінде 14 оқушы Ыбырай Алтынсарин атындағы бастауыш мектепте білім алады. Балаларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, 4-сынып оқушылары бірінші сыныпқа келгендерге сыйлықтар табыстады.

Салтанатты жиынға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ринат Құрманбаев, Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов, аудандық білім бөлімінің басшысы Руслана Закирьянова, педагогтер, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Мерекенің басты сәті – жаңа мектеп ғимаратының салтанатты түрде ашылуы және алғашқы қоңыраудың соғылуы болды. Рәсімнен кейін оқушылар алғашқы сабаққа қатысты.

Сабақтың тақырыбы – «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азаматты, зияткер ұлтты және жауапты қоғамды қалыптастырудың негізі».

Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күні Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданының Қайнарлы ауылында шағын орталығы бар, 50 орынға арналған жаңа заманауи мектеп пайдалануға берілді.

Жаңа білім ошағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары және облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолдауы аясында бой көтерді.

Мектеп заманауи оқу құрал-жабдықтарымен толық қамтамасыз етіліп, оқушыларға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасалған.

Бұл – Шығыс Қазақстанда соңғы үш жылда салынған үшінші жаңа мектеп. Бұған дейін Игілік ауылында жаңа білім ордасы ашылған еді. Ал жыл соңына дейін Төсқайың ауылында тағы бір жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Жаңа мектептердің салынуы, әсіресе шекаралас елдімекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, балалардың сапалы білім алуына және тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1283919?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version