Астанада «Night Run» бұқаралық түнгі жүгіру іс-шарасы өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада 5 қыркүйек күні «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Night Run» бұқаралық түнгі жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс кешкі сағат 20:00-де Алматы ауданындағы Триатлон саябағында басталады. Қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықта бақ сынайды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жүгіруге қатысу үшін алдын ала онлайн тіркеуден өту қажет. Тіркелу 2 қыркүйектен бастап reg.elordasport.kz сайтында жүргізіледі. Қатысушылар саны 1700 адаммен шектелген. Қатысу тегін.

«Бұқаралық спорттық іс-шаралардың басты мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеп, тұрғындарды тұрақты түрде спортпен айналысуға тарту. Соңғы жылдары елордада жүгіруге қызығушылық танытып, бұқаралық спорттық бастамаларға қатысатын тұрғындар қатары артып келеді. Мәселен, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында Астанада 21-ден астам жүгіру жарысы мен марафон, сондай-ақ 5 веложарыс ұйымдастырылды. «Night Run» – осы бағыттағы бұқаралық спортты дамытуға арналған шаралардың бірі. Түнгі жүгірудің өзіндік ерекшелігі бар әрі тұрғындарға бос уақытын белсенді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік береді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын жарысқа қатысып, спорттық кештің бір бөлігі болуға шақырамыз», – дейді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Тіркеуден өткен қатысушылар жарыс күні, 5 қыркүйекте сағат 17:30-дан 19:30-ға дейін Триатлон саябағынан жарыс нөмірі мен лотерея билетін ала алады.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің, «Алматы» ауданы әкімі аппаратының, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен ұйымдастырылады.

Айта кетейік, жарыс Триатлон саябағының аумағында өтеді. Осыған байланысты іс-шара кезінде қала көшелері жабылмайды және көлік қозғалысына шектеу қойылмайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1283337?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version