Электросамокатпен жүресіз бе? Жаңа талаптарды білу маңызды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Электросамокатпен жүресіз бе? Жаңа талаптарды білу маңызды!

2026 жылғы 25 тамыздан бастап электросамокаттарды пайдалануға қатысты қауіпсіздік талаптары күшіне енді.

Ең басты өзгеріс — электросамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында жүруге тыйым салынады. 

Қай жерде жүруге болады?

  • Веложол немесе веложолақ болса — электросамокатпен тек солар арқылы жүру қажет.
  • Веложол немесе веложолақ болмаған жағдайда — жол қозғалысы қағидаларын сақтай отырып, жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүруге болады.

Ал жолдың жүріс бөлігімен электросамокатпен жүруге тек мына талаптар сақталған жағдайда рұқсат етіледі:

  • жасы 18-ден асқан болуы;
  • тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі болуы;
  • қорғаныш дулығасын киюі.

Бұл талаптар — жай ғана ереже емес. Оның басты мақсаты — электросамокат пайдаланушылардың, жаяу жүргіншілердің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жолда сақ болыңыз!
Қауіпсіздік — әр адамның жауапкершілігінен басталады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1283648?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version