«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен Ақсу-Аюлы ауылының Жанғұтты би көшесі, №6-8 көпқабатты тұрғын үйлерінің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне байланысты төлемдерді «Шеткоммунсервис» мекемесіне уақытылы төлеу, тұрғын үйлерден шыққан құрылыс материалдары мен құрылыс қалдықтарын белгіленген арнайы орындарға шығару, сондай-ақ тұрғын үй аумағын таза әрі абаттандырылған күйде ұстау қажеттілігі түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1283647?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау