26-29 тамыз аралығында Щучинск қаласындағы “Жақсы-2” спорт кешенінің базасында күштік құрылымдар мен облыстық федерациялар өкілдері арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының кубогі өтті.
Жарысқа 17 команда құрамында 240 спортшы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға биыл қазан айында Бурса қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысуға лицензия берілді.
Жарысқа Астана қаласы полиция департаменті бастығының көмекшісі, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұрат Исмағамбетов те қатысты. Ол ҚР ІІМ-нің “ARLAN” спорт клубының атынан өнер көрсетті.
95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Мұрат Исмағамбетов бірінші орын алып, Қазақстан Республикасы кубогінің алтын медалін иеленді. Жарыстағы нәтижесі бойынша ол әлем чемпионатына қатысуға лицензияға да ие болды. Алдағы додада ол Қазақстан құрамасының сапында ел намысын қорғайды.
Ішкі істер органдары қызметкерлері үшін спортпен шұғылданудың маңызы зор. Дене дайындығы қызметтік міндеттерді орындау кезінде қажетті төзімділік пен тәртіпті сақтауға, сондай-ақ әрдайым дайын болуға мүмкіндік береді.
Астана қаласы полиция департаменті Мұрат Исмағамбетовті жеңісімен құттықтап, алдағы халықаралық жарыста сәттілік тілейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1283708?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау