Із-түссіз жоғалған азаматты іздестіруге көмектескен азаматша марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Баржиков із-түссіз жоғалған азаматты іздестіру жұмыстарына белсенді атсалысып, оның табылуына көмек көрсеткен Батыр ауылының тұрғынын марапаттады.

Азамат 2026 жылғы 15 тамыз күні сағат 18:00 шамасында Мұнайлы ауданы, Бесшоқы ауылындағы тұрғылықты мекенжайынан шығып, қайта оралмаған.

Іздестіру жұмыстары барысында азаматша полиция қызметкерлеріне қажетті ақпарат ұсынып, іздестіру шараларына белсенді түрде көмектескен. Соның нәтижесінде жоғалған азаматтың табылуына өз үлесін қосты.

Белсенді азаматшаға полиция бөлімінің бастығы атынан алғыс жарияланып, марапат табысталды.

Н. Баржиков азаматтық белсенділігі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін тұрғынға ризашылығын білдірді.

Полиция азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету ісінде тұрғындардың қолдауы мен азаматтық белсенділігінің маңызы зор екенін атап өтті.

https://www.instagram.com/reel/DcujlGPq73c/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1283707?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version