Есірткі арналарының жолын кесу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл тамызда Алматы қаласының әуежайында ҰҚК Шекара қызметі көлік прокуратурасының үйлестіруімен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген рейстерден Қазақстанға аса ірі мөлшерде есірткі заттарын әкелудің үш әрекетінің жолын кесті.

Шетелдік азаматтардың жол жүгін тексеру барысында косметикалық өнімдерге жасырылған ыдыстардан «марихуана», «каннабис шайыры» және «гашиш майы» табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 килограмнан асты.

Көрсетілген фактілерге қатысты материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құзыретті органдарға тергеу бағыты бойынша берілді.

 

 

ҰҚК Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/1283702?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version