Талдықорғанда Білім күні оқушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 қыркүйек – Білім күніне орай Талдықорған қаласындағы барлық мектептерде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарының аумағында және оған іргелес жол учаскелерінде қызмет атқарып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар мектептерде оқушыларға профилактикалық түсіндіру жұмыстары мен қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Балаларға жолды тек белгіленген жерден кесіп өту, бағдаршам талаптарын сақтау, көшеде мұқият болу және жеке қауіпсіздік ережелерін ұстану қажеттігі түсіндірілді.

Бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі тақырыбындағы арнайы бояу кітапшалары таратылып, жол қозғалысы ережелері балаларға түсінікті әрі қызықты форматта жеткізілді.

Полиция қызметкерлері мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндерге де ерекше көңіл бөліп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Жетісу полициясы оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік екенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1283701?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version