Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында Семей қаласы мәслихаты аппаратының қызметкерлері жерлесіміз, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Айгүл» ансамблінің бұрынғы әншісі Қарлығаш Мұртазинамен кездесуге қатысты.
Іс-шара барысында жерлесіміздің өмірі мен шығармашылық жолына арналған «Қарлығаш» деректі фильмі көрсетілді.
Мұндай кездесулер мәдени мұраны сақтауға, елге еңбегі сіңген тұлғалардың шығармашылығын дәріптеуге және қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1283848?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау