Нұркен Кобжанов Бұқар жырау ауданындағы “Жайлы мектептің” ашылуына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов Ғабиден Мұстафин атындағы кентте (Нұра станциясы) жаңа заманауи мектептің салтанатты ашылуына қатысты.

Іс-шараға Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Д.С. Жиенбаев, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары С.С. Бекенбаев, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, педагогикалық ұжым, оқушылар мен кент тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсім барысында облыстық мәслихат төрағасы оқушыларды, ата-аналар мен педагогикалық ұжымды жаңа оқу жылының басталуымен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

“Білім күнінде жаңа мектептің ашылуы – бүкіл ауыл үшін маңызды оқиға. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін заманауи жағдайлар жасау – еліміздің болашағына бағытталған маңызды инвестиция. Мектеп тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың таланттарын ашып, қабілеттерін дамытатын және жаңа жетістіктерге бастайтын мекен болатынына сенімдімін”, – деді Нұркен Кобжанов.

Жаңа мектеп Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан ұлттық жоба аясында Бұқар жырау ауданында салынған үшінші “Жайлы мектеп” болды.

Мектеп 1 қыркүйектен бастап 220 оқушыға есігін айқара ашты. Жаңа оқу орнында сапалы білім алу, жан-жақты даму және спортпен шұғылдану үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Білім беру үдерісін 33 педагог қамтамасыз етеді.

Мектеп заманауи оқу кабинеттерімен, акт және спорт залдарымен, футбол алаңымен және басқа да қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Қазіргі заманғы материалдық-техникалық база өскелең ұрпақты оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасайды.

Жаңа мектептің ашылуы кент тұрғындары үшін маңызды оқиға болды және Бұқар жырау ауданының заманауи білім инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1283800?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version