Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштері қаралды. Әрбір өтініш бойынша өтініш берушілерге қажетті ақпарат ұсынылып, заңнамада көзделген құқықтарды қорғау тетіктері мен одан арғы іс-қимылдар жөнінде түсіндірмелер берілді.
Өтініштер жұмысқа қабылданып, белгіленген тәртіппен қаралатын болады және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1283396?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау