«Таза Қазақстан» акциясы аясында
«Заң мен тәртіп» қағидатын негізге ала отырып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл аумағында абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, ауыл ішіндегі көшелер, қоғамдық орындар және мекеме аулалары тазаланып, аумақтар ретке келтірілді. Жұмыстар барысында қоқыстар жиналып, қоршаған ортаның тазалығы мен санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.
Таза әрі көрікті ауыл – баршаға ортақ жауапкершілік. Қоршаған ортаны таза ұстау және туған өлкенің көркеюіне үлес қосу – әр азаматтың міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-bekbauyl/press/news/details/1283395?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау