Аудан аумағындағы Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің аумағында 16 жылдан кейін қайта абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Мектеп ұжымы мен ата-аналардың өтініші ескеріліп, білім ордасының ауласына жаңа кеспетас төсемдері төселіп, дала жиhаздары орнатылды.
Білім нысанының алдында осыған дейін ескірген кеспетастардан бөлек, жаңбыр суының жиналуы мәселесі де өзекті болған. Бүгінде абаттандыру нәтижесінде бұл мәселеле де шешімін тапты.
Аталған жұмыстар ең алдымен балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Енді мектеп аумағы заманауи, таза әрі сәнді кейіпте оқушыларды жаңа оқу жылында қарсы алуда
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/press/news/details/1284439?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау