Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    24–28 тамыз аралығында Жетісу облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелерінің ұйымдастыруымен өңірдегі әртүрлі мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шаралардың негізгі мақсаты – азаматтардың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу, деструктивті діни ағымдардың ықпалына қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдағы рухани тұрақтылық пен дәстүрлі құндылықтарды насихаттау.

    Кездесулер барысында қатысушыларға діни экстремизм мен радикализмнің қауіптері, әлеуметтік желілерде таралатын күмәнді діни ақпараттарды ажырату жолдары, деструктивті діни ағымдардың белгілері және олардың жастар санасына кері әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

   Сонымен қатар, азаматтарға діни мәселелер бойынша ақпаратты тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу қажеттігі айтылып, интернет кеңістігіндегі түрлі діни мазмұндағы материалдарға сыни тұрғыдан қараудың маңыздылығы түсіндірілді.

   Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына мамандардан жауап алды. Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қоғамның діни сауаттылығын арттырып, жастар арасында қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастыруға және діни тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

   Негізгі бағыттар: ақпараттық түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу, қауіпсіздік, рухани тұрақтылық және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1284440?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version