2026 жылғы 28 тамызда Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен, Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «Техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семинар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, кәсіпкерлік нысандардағы санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелеріне арналды.

Іс-шараны Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі және Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Б. Сатқанбаева ашып, семинардың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға алғы сөзін білдірді.

Семинар барысында Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Ж. Сейдахметова техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша баяндама жасады.

Департаменттің тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің бас маманы Г. Манашева қоғамдық тамақтандыру объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, жаппай тамақтан улану және ботулизмнің алдын алу мәселелерін қамтыды.

Ал Департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Б. Керімхан облыстағы қызылша және эпидемиялық паротит ауруларының эпидемиологиялық ахуалы, инфекциялардың алдын алу шаралары және вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпарат берді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, көтерілген мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1284521?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version